• Каз
  • Рус
  • Eng

Интервенционды кардиология бойынша шеберлік сағаты

14.12.2016


5 желтоқсан мен 9 желтоқсан аралығында Жүрек орталығы негізінде «Өкпе артериялары тарамдарының күрделі стеноз жағдайларындағы транскатетерлік стенттеу» тақырыбындағы шеберлік сағаты өткізілді.
Профессор Frank Ing басшылығымен Жүрек орталығының мамандары интервенционды оталар жүргізді. Шеберлік сағаты аясында 10 практикалық сабақ өткізілді. Шеберлік сабағына интервенционды кардиологтар, балалар кардиологтары, балалар кардиохирургтары, анестезиолог-реаниматологтар қатысты.
Барлық процедуралар сәтті өткізілді, бұл қатысушылардың теориялық білімі мен клиникалық практикасын жаңартып, дамытуға мүмкіндік берді.
Өткізілген шеберлік сағатының біздің еліміздегі балалар интервенционды кардиологиясы, оның ішінде 1 жастан 5 жасқа дейінгі науқастарды емдеу қызметін дамытуда маңызы зор екендігі даусыз.



Тiзiмге қайтару