• Каз
  • Рус
  • Eng

Вильнюстeгi оқу

12.12.2016

21-24 қарашада Литва мемлекетінің Вильнюс қаласындағы Сантаришкес университеттік клиникасында Жүрек орталығының LVAD саласы мамандары BLS, ACLS (жүрек-өкпенің негізгі және кеңейтілген реанимациясы) нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Курс анестезиология мен реанимация бөлімінің негізінде өткізілді. Курстың теориялық білім бөлімі және практикалық қабілеттер бөлімін аяқтағаннан кейін біздің мамандарымызға курсты сәтті аяқтағандығы жөнінде сертификаттар берілді.
Аталмыш оқу біздің орталығымыздың 2017 жылы JCI халықаралық аккредитациясын өтуге даярлық аясында орталықтың барлық мамандарын жүрек-өкпенің негізгі және кеңейтілген реанимациясын жүргізуге үйрету үшін ұйымдастырылған болатын.



Тiзiмге қайтару