• Каз
  • Рус
  • Eng

«Жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар – Жан сәулесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

08.12.2016



Қоғамға ағза донорлығы мен трансплантация туралы ақпарат беру мақсатында осы жылдың 6 желтоқсанында Жүрек орталығының трансплантацияны басқару бөлімі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультеті негізінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге даярлық барысында университеттің студенттері мен магистранттары халықтың қаза болғаннан кейінгі ағза донорлығына қатысты пікірін білу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Халықтың пікірі алуан түрлі болғанымен, көпшілік қаза болғаннан кейін өз ағзаларын донорлыққа қиюға қарсы еместіктерін байқатты.
Дөңгелек үстелдің жұмысына «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай да қатысты, ол ислам дінінің ағза донорлығы мен трансплантацияға қатынасы туралы айтты: «Өзге адамға пайдасын тигізетін болса, қаза болғаннан кейінгі ағза донорлығы сауапты іс саналады. Бір адамның өміріне араша болу барша адамзатты құтқарғанмен тең саналады. Ағза донорлығының басты шарты донордың денесіне құрметпен және пайда көзін табу пиғылынсыз қарау болып табылады».
Трансплантацияны бақылау бөлімінің бастығы жиналғандарға баяндама ұсынды, өз баяндамасында ол Қазақстандағы ағза донорлығы мен трансплантация, күрделі мәселелер мен донорлық ағзалардың мәселелерін шешудегі қоғам ролі туралы айтты.
Кездесу барысында жүрек трансплантациясы отасын бастан кешірген қабылдаушы, Жәнібек Оспанов трансплантациядан кейінгі өзінің өміріндегі оң өзгерістер туралы айтты.
Кездесудің нәтижелерін қорытындылау барысында қатысушылар қоғамның ағза донорлығы мәселелеріне түсіністікпен қарауы туралы айтты, өйткені адамдардың өмірін сақтап қалу осы мәселелерге тікелей байланысты екендігі айқын.



Тiзiмге қайтару