• Каз
  • Рус
  • Eng

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап


 
Сіздің Т.А.Ә.?*
Сіздің e-mail?*
Сіздің сұрауыңыз?*
Сіздің сұрауыңызға жауап:
Защита от автоматического заполнения
 
Введите символы с картинки*
 

* - обязательные поля

1) Орталықтың орналасуы және автобустың қандай маршрутымен Сізге жетуге болады?
Жауап: Астана қаласы.,Туран 38 даңғылы, Керей және Жәнібек хандары көшелерінің қиылысы. Автобус маршруттары № 20, 40, 41, 43, 50.
2) Консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің (КДБ) жұмыс тәжірибесі және қандай мамандар емделушілердің қабылдауын жүргізеді?
Жауап: КДБ дүйсенбіден жұмаға дейі 8.00 18.00 часов. Қабылдауды мынадай мамандар жүргізеді: кардиолог, аритмолог, кардиохирург, ревматолог. КДБ бөлімшесінде келесі функционалдық диагностика жүргізіледі ( УДЗ, ЭХОКГ (ересектер және балалар), ЭКГ, спирография, тредмил тест, ХМЭКГ, СМАД, велоэргометрия, және қанды алу (емшара кабинеті).
3) Сіздің медперсоналыңыз қаншалықты білікті?
Жауап: Орталықта 150 дәрігер, 267 орта медициналық персонал (ОМП) еңбек етеді. 50% астам дәрігер және 35% ОМП біліктілік санаттарына ие. Ғылыми дәрежесіне 24 дәрігер ие, оның ішінде докторлық дәрежесіне 11 адам, және медицина ғылымдарының кандидаттары 13 дәрігер болып табылады. Орталықтың медициналық персоналы АҚШ, Израиль, Германии, Ресей, Беларуссия, Литва, Оңтүстік Корея шет елдерінің жетекші клиникаларында білім алды.
4) Емделушілерге келу кестесі бар ма?
Жауап: кез келген күні 8.00-20.00 сағатқа дейін.
5) Орталықта күніне неше рет тамақтану ескерілген және дүкендер немесе киоскілер бар ма?
Жауап: Орталықта емдеуге жатқызылған емделушілер үшін бескүндік тамақтану ұйымдастырылған, ғимаратта өндірістік тауарлардың, полиграфиялық өнімнің дүкендері, асхана, дәріхана жұмыс істейді.
6) Емделушілер үшін төсек жинағы мен ыдысты алуға болады ма?
Жауап: Төсек жинағы мен ыдысты клиника бөледі.
7) Орталық басқа қаладан келгендерге мейманхана немесе пансионаттар бөлінеді ме?
Жауап: Келушілер үшін мейманхана нөмірлерін беру ескерілмеген.
8) Реанимациялық бөлімшеде келушілерге келу ескерілген бе?
Жауап: Реанимациялық бөлімшеде емделушілерге келу 16.00 до 19.00 сағатқа дейін.
9) Маған дәрігерге қалай жазылуға болады?
Жауап: Дәрігерге жазылу үшін жазба тіркеу орнында мынадай телефондар бойынша +7 (7172) 70-31-03, 70-31-04 жүзеге асырылады.


Консультативтік-диагностикалық кабинеттер бойынша жиі  қойылатын сұрақтар:

Дәрігерге  алдын ала  жазылуынсыз қабылдау  мүмкін бе?

  • Дәрігерге  алдын  жазылу (талонсыз   кезек тәртібі  бойынша) алдын ала  жызылу бойынша немесе  жазылу бойынша барлық емделушілердің қабылдауынан кейін дәрігердің бос  болуы  жағдайында мүмкін.
  •  Жазылу  бойынша қабылдауда маманның  бос  болмауы барысында,  емделуші  Тіркеу  орны  мамандарымен жазылу  бойынша  қабылдауда бар бос  бейінді  маманға жолданады, егер бұл  қажет болса.  Егер Сіздің консультацияны   күтуіңіз немесе зерттеуіңіз 30 мин.  асса, түсінушілік  үшін алдын ала  алғысымызы  білдіреміз.

Кезектен  тыс  дәрігерге   қабылдану  мүмкін  бе?

  •  Шұғыл патологиясы  бар емделушілер кезектен тыс  қабылдау  құқығына  ие.

Қабылдауды күту  уақыты?

  • Қабылдауды  күту  уақыты –  дәрігер консультанттың басқа  емделушіге  шұғыл көмекті  көрсетуде немесе  стационарда  медициналық көмекті көрсетіп жатқан жағдайда,  емделушіге  берілген 30 минуттан аспауы  қажет, бұл жағдайда  емделушімен\келушімен жұмыс  жөніндегі  администратор  емделушіні   ұзақ қарау   туралы  себебімен ақпараттандырады  және   жазба  бойынша қабылдауда  бос  уақыты  бар  бейінді  маманға   емделушіні  жолдайды, егер  бұл қажет болса (2014 жылғы 17 маусымдағы  №9 «Емдеуге  қабылдау  және одан  бас тарту» Ережесінің 4 т.  4.8.11  тт. сәйкес).
  • Емделушінің  қабылдауға  30 минуттан астам  кешігуі  барысында, қабылдау жақын мүмкінді  бос уақытта жүзеге асырылады.

Емделушіні  қайта  қабылдау.

  •  Қайта  қабылдау  үшін емделушіге  қайтадан жазылу  қажет. 

Дәрігерге  консультацияға алдын ала  жазылу бар ма (кардиохирург, интервенциялық кардиолог, интервенциялық аритмолог, кардиолог)?

  • Дәрігерге  консультацияға  алдын  ала  жызылу  тек  кардиолог дәрігерге  ғана  бар,  ал  басқа  мамандарға талонсыз  кезек тәртібінде.

Дәрігерге  консультацияға  қандай  медициналық құжаттарды әкелуім  қажет(кардиохирург, интервенциялық  кардиолог, интервенциялық  аритмолог, кардиолог)?

  •  Дәрігерге  қабылдауға (кардиохирург, интервенциялық  кардиолог, интервенциялық аритмолог) емделуші   өзімен бірге эхокардиография  тұжырымдамасын алуы  қажет  (жарамдылық мерзімі   1 аптадан аспауы  қажет).
  •  Кардиологқа  қабылдауға емделуші өзімен бірге  электрокардиография  тұжырымдамасын алуы  қажет  (жарамдылық мерзімі 1-2  күн).
  • Дәрігерге  келу  уақытында   осы  тұжырымдардың  болмауы  барысында  (ЭхоКГ, ЭКГ), емделуші  консультацияға  қабылдауға  дейін  зерттеуден өтуі  қажет.

Жұмыс тәртібі:

  • Консультативтік-диагностикалық кабинеттер сағ. 9.00 мин. – сағ. 18.00 мин. дейін жұмыс істейді.,  үзіліс  сағ. 13.00 мин - 14.00 мин дейін. 

Ақылы қызметтер бойынша  жиі  қойылатан сұрақтар:

Мен  жүрекке  жасалған хирургиялық операциядан кейін оңалту  бөлімшесіне  ақылы негізде емдеуге  жатқызыла  алам ба? 

  • Иә, әрине,  толық ақпарат алу  үшін Сізге    703103 (703104) телефондарына  және   2099 ішкі  абонемент нөміріне  хабарласу  қажет.
  •  Егер емделуші Тегін медициналық көмектің  кепілді берілген көлемі   бойынша Біздің  Орталықтың  оңалту  бөлімшесіне  мұқтаж  болса,   ( Қазақстан  Республикасының «Халық денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі туралы» 88 бап,  1 т.),  онда  емдеуге  жатқызуға  растау барысында  Сізге   біздің  Орталықтың  кардиолог дәрігерінен консультация  алуыңыз қажет,  арнайы  диагностикалық зерттеуден өтуі  қажет,   кейін дәрігер емделушіні  оңалту  бөлімшесіне   тегін медициналық көмектің   кепілді  берілген  көлемі  бағдарламасы  бойынша  емдеуге  жолдайды.
  • P.S. Қазақстан  Республикасы азаматтары тегін медициналық көмектің  кепілді  берілген көлемі бойынша  біздің Орталықтан медициналық емдеуді  алады (Қазақстан  Республикасының  «Халық денсаулығы  және  денсаулық сақтау жүйесі туралы » Кодексінің  88 бап,  1 т.).

«CHEK-UP -  ты  өту  мақсатында,  ақылы негізде емдеуге  жатқызыла алам  ба? 

  • Әрине,  Сіздің  медициналық проблемаңызды баяндау және  біздің  қызметкерден  «CHEK-UP» туралы  толық ақпаратты алу  үшін   703104  (703103) нөміріне  және  2099 ішкі  нөміріне қоңырау шалып,  персоналды үйлестірушімен хабарласу  қажет.  

Хирургиялық араласуды өту  мақатында,  мен Орталыққа ақылы  негізде   емдеуге  жатқызыла а лам ба?

  • Иә,  әрине,  ҚР азаматтары  және  де  шетел азаматтары біздің  Орталықтың  бағалар прейскурантына сәйкес, кардиохирургиялық патологиясының расталуы  барысында, хирургиялық емдеуге  жолдаманың бар болуы  барысында, және  де  біздің  дәрігердің (кардиохирург, интервенциялық кардиолог, интервециялық аритмолог) консультациясы тұжырымының бар болуы  барысында     біздің  Орталықтан медициналық көмекті  алуы  құқылы.  Толық ақпарат  алу  үшін Сізге  703103 (703104) телефоны  және  2102 ішкі  нөмір абонементі бойынша  ақылы  қызметтер жөніндегі  менеджерден консультация  алу  қажет.
  •  P.S. ҚР  барлық азаматтары  және  де  шетел азаматтары  тегін медициналық көмектің  кепілді  берілген көлемі  шеңберінде  біздің  Орталықтан  медициналық  көмекті  алуы құқылы (Қазақстан  Республикасының  «Халық денсаулығы  және  денсаулық сақтау  жүйесі  туралы»  88 бап,  1 т.