• Каз
  • Рус
  • Eng

Мамандарға

Bubble Test

     Біз, дәрігерлер, ашық сопақша терезесі (АСТ) бар науқарстарды тәжірибемізде жиі кездестіреміз. Бұл жағдайда көбінесе «қоркудың қажеті жоқ – сізде АСТ-ның қауіпсіз түрі», - деп жатамыз. Алайда, АСТ әркезде залалсыз да, қауіпсіз бола бермейді, себебі АСТ, жүрекше арасында орналасқан клапаны бар саңылау, төмендегідей асқынуларға алып келуі әбден мүмкін:  

- Парадоксалды эмболия, бұл жағдайда тромбтар, бактериялар мен газ көпіршіктері көктамыр жүйесінен бірден күретамыр жүйесіне түседі, ал жүректің сол жақ бөліктерінен — ми артерияларына, бүйректердің артерияларына, көкбауырларға, аяқ-қолдарға, жүрекке қан апаратын күретамырларға түседі.

         - Бас ауруы, созылмалы әлсіздік пен гипоксемия, шунт ұдайы оңнан солға болған кезде АСТ арқылы күретамыр қаны сол жақ бөліктерге, оның ішінде ми артерияларына түседі. Аталған жағдайлар АСТ бар жас адамдарда жиі байқалады.

          Осылайша, егер емделушіде, әсіресе жас емделушіде, криптогендік (генезі белгісіз) инсульт, өткінші ишемиялық ұстама, бас ауруы немесе созылмалы әлсіздік болса, АСТ жоқ екенін тексеру керек. АСТ жоқ екенін тексеретін міндетті тексеруден белгілі бір маман иелері (жүргізушілер, машинистер, ұшқыштар, диспетчерлер, операторлар, сүңгуірлер), тромбофлебит немесе аяқ пен кіші жамбас қан тамырларының варикоздық кеңеюі анықталған емделушілер, созылмалы бейтәндік өкпе ауруларына шалдыққан емделушілер, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер өтуі қажет.

          Мұндағы мәселе, егер АСТ кеңейіп, онымен қатар солдан оңға қарай шунт болмаса, трансторакалды эхокардиографияның (ЭхоКГ) бізге еш пайдасы тимейді.

Сондықтан да аталған науқастар Кардиоэхографиляқ тесттен, яғни ашық сопақша терезені (АСТ) диагностикалауға арналған «көпіршікті» контрастілеу тестісінен (Bubble Test) өтуі керек. Бұл тест түрі АСТ-ны айқындап көруге және оңнан солға қарай патологиялық жылжуын бағалауға мүмкіндік береді.

Біріншіден, тестті өткізу үшін емделушінің арнайы дайындықтан өтуі шарт емес.

Екіншіден, емделушілерге бұл қарапайым жүрек УДЗ-сы сияқты, алайда шынтақ көктамырында сол жақта орналасқан перифериялық катетер арқылы енгізілетін физиологиялық ерітінді қолданылатын қауіпсіз, инвазивті емес процедура екенін түсіндіру қажет.

Үшіншіден, септалды аралықтар тігінен орналасқан 4 камералы проекцияда Эхо кескінді жақсырақ етіп шығару үшін жүректің үстіңгі жағына трансторакалды ЭхоКГ датчигі қойылады.

Тест 2 кезеңде өтеді:  1. Таза «Bubble Test», 2. «Вальсальвана» сынамасы кезіндегі «Bubble Test».

Енді тест кезеңдері – 1-кезең

1.      Диаметрі 18 G болатын перифериялық катетірді  шынтақ көктамырына қою.

2.      «Стоп кок» адаптері катетерге жалғанады

3.      2 перфузорлық шприцтерді «стоп кокқа» жалғау

4.      Бір шприцке 2 мл қан жинау

5.      Екі шприцтің көмегімен көпіршіктер пайда болады

6.      Дәрігердің айтуымен дайын ерітіндіні шынтақ көктамырына күшпен енгізу қажет

7.      Эхо кескінді бақылау.

Егер оң және сол жақ жүрекшелер арасында саңылау болмаса, ЭхоКГ кезінде көпіршіктерді тек оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншада ғана көруге болады, себебі олар өкпеде тазартылып, жүректің сол жақ бөліктеріне түспейді. Ал егер ашық сопақша терезе болса, онда кей көпіршіктер сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншада пайда болады.

Келесі кезеңде «Вальсальвана» сынамасы кезінде «Bubble Test» сынағын өткізу қажет, себебі адамның демалу немесе әдеттегі тұрмыс жағдайындағы белсенділігі кезінде ашық сопақша терезе өзін гемодинамикалық тұрғыда көрсете бермейді, ал қоздырғыштардың (жөтел, ауыр дене жұмысы кезінде күшену және т.б.) әсерінен қанның оңнан солға қарай біркелкі жылжуы заңдылық болып табылады. Қанның АСТ арқылы оңнан солға қарай аз уақытқа созылатын біркелкі жылжуы емделушілерде дене жұмысын атқару кезінде күшену және Вальсальва эффектісі әсерінен орын алады. 

Келесі кезең – 2-кезең – «Вальсальвана» сынамасы кезіндегі «Bubble Test».

«Вальсальваны» сынамасы:

1)      Емделушінің дем алуы

2)      Күшеніп тұрып демді бірнеше секундқа ұстау

3)      Емделушінің демді шығаруы

         1-тест кезеңдері қайталанады, тек дайын ерітінді шынтақ көктамырына демді ұстап тұрғаннан кейін енгізіледі

Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша сол жақ жүрекшеге үлкен мөлшерде түсетін көпіршіктерге толған жағдайда ғана берілген Тест оңтайлы болып саналады.

     Тест сонографиялық аппарат мониторында жүректі әлдеқайда анық етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Процедура қауіпсіз болып табылады, осы уақытқа дейін қандай да бір келеңсіз жағдайлар орын алып көрмеген.

      1. Берілген ЭхоКГ кескінінде – теріс Таза «Bubble Test»

      2. Берілген ЭхоКГ кескінінде – оң Таза «Bubble Test»

      3.Берілген ЭхоКГ кескінінде – «Вальсальвана» сынамасы кезіндегі теріс «Bubble Test».

      4.Берілген ЭхоКГ кескінінде – «Вальсальвана» сынамасы кезіндегі оң «Bubble Test».


Тiзiмге қайтару