• Каз
  • Рус
  • Eng

Мамандарға

Инвазивтілігі төмен процедуралар арқылы жүрек ұшын жабу: Қазақстанда әзірленген және пайдаланылған технологиялардың әлемдік тұсаукесері

Аталмыш бейнефильм адам жүрегіне тігістер салу үшін алғаш рет трансапикалды жабдықты пайдалану әдісін көрсетеді. Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия орталығының оташылары, интервенционды кардиологтары тобы шетелдік әріптестері доктор Мюллен және профессор Ноблеспен біріге отырып, аталмыш оталардың жүзеге асуын мүмкін етті. Осы туралы жан-жақты мәліметті келесі бейнематериалдан көре аласыз...



Аталмыш оталар алғаш рет Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия орталығында жүзеге асырылған болатын. Майкл Мюллен мен Энтони Ноблс секілді дарынды мамандардың басқаруындағы дарынды оташылар мен алдыңғы лекті кардиохирургия мамандарынан құрылған топ аталмыш оталарды Юрий Пя басқаратын жүрек орталығында орындады.

Өзіңіз көріп тұрғандай, жабдық жүректің жоғарғы бөлігінен енгізілген және екі ота жібі жүректің екі жағынан төмен тартылған, бұл оларды жүректің қабырғасы арқылы жүргізіп, ота аяқталған мезетте тігісті орындауға мүмкіндік береді. Бұдан кейін жүректің жоғарғы бөлігіне көмекші құрылғы орналастырылады, аталмыш құрылғы дәрігерлерге науқастың жүрегіне жетуге мүмкіндік береді, аталмыш әдіс арқылы клапанды ауыстыру мүмкіндігі пайда болады. Мына жерден сіздер сымды бағыттауышты байқай аласыздар, ол құрылғының төменгі бөлігі немесе ұшы арқылы жүрекке енгізіліп, қарсы беттен шығарылады. Аталмыш бағыттауыш HeartStitchTA құрылғысының ұшын жүректің жоғарғы бөлігіне орналастыру үшін пайдаланылады. Бұл құрал жүректің жоғарғы бөлігіне орналастырылған мезетте қарыншалардан шығарылған инелер жүректің сыртқы бөлігіне қарай бағытталады, олар осы мезетте ота жіптерін іліп, оны жүректің ішкі бөлігіне қарай тартады. Осыдан соң құрылғының сыртқы жабыны алынып, екі ота тампоны шығарылады да, олар жіптің соңын түйіндеуге мүмкіндік береді. Мына жерден HeartStitchTA құрылғысы және көмекші құралдың көмегімен жүрек клапанын орнату мысалын көре аласыз. Біз клапанды орнатудың қаншалықты дұрыс орындалғандығын тексере аламыз: аталмыш сатыда жұмыс аяқталды деп есептеуге болады, түйіндер байланып, соңғы әрекеттер орындалады. Осылайша HeartStitch TA құрылғысының көмегімен алғашқы және екінші реттік оталарды орындау мүмкін болады.


Тiзiмге қайтару