• Каз
  • Рус
  • Eng

Мамандарға

ОРСАВ

Құрметті әріптестер!

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық (ҰҒКО) тұрақты түрде оқыту семинарларын, курстар мен тренингтер өткізіп тұрады. Біз кардиохирургтерді, кардиоанестезиологтарды, ота барысында кезекшілік ететін медбикелерді ҰҒКО жанында мультидисциплинарлық үлгілеу платформасы негізінде білім алу үшін «ОРСАВ» мектебіне (Жұмыс істеп тұрған жүректегі миокард реваскуляризациясы) шақырамыз.

 IMG_9501.JPG   IMG_0161.JPG

ОРСАВ артерияларды коронарлық шунттау әдісі – мультидисциплинарлық топтың міндеті болып есептеледі. Мектептің басты мақсаты осы секілді оталарды жүзеге асыруда тәжірибесі аз мамандарды қолдау болып табылады. Мектеп бағдарламасының теориялық бөлімінде науқастарды ауруханаға түскен мезеттен толық айығып шыққанға дейінгі және одан кейінгі терапия бойынша ақыл-кеңестер беру секілді әрекеттер толық қарастырылып, талқыланады. Ал тәжірибе бөлімінде келесі әдіс-тәсілдер жан-жақты қарастырылып, үйретіледі:

  •  оталық анықтама: емді бірден бастау қаупін бағалау; құралдармен жұмыс жасау әдісі; тамырлы анастомоздың жасалымы; отаның негізі кезеңі барысындағы іс-әрекеттер; жабдықпен жұмыс;
  •  анестезиологялық анықтама: емді бірден бастау және анестезия қаупін бағалау; инвазиялық бақылауды жүргізу үшін артерия мен тамырларға катетер орнату, Сван-Ганс катетерін орнату және гемодинамикалық көрсеткіштерді өлшеуді жүзеге асыру, интраоперациялық өңеш арқылы ЭХОКГ бақылау әдісі, отаның әр кезеңіндегі анықтама кемшіліктері;
  •  отаға қатысушы медбикенің анықтамасы;
  • науқаспен ОРСАВ және ауруханадан шыққаннан кейін жұмысты жалғастыру бойынша кеңестер.

Курс авторы, профессор Пол Сержант, көптеген кардиохирургиялық қауымдастықтардың негізгі мүшесі болып табылады: (Scientific Association Memberships, American Association for Thoracic Surgery (AATS), Asian Society for Cardiovascular and Thoracic Surgery (ASCVTS), Belgian Association For Cardio-Thoracic Surgery (BACTS), Cardiothoracic Surgery Network (CTSNet), European Association for Cardio-Thoracic Surgery (EACTS), The Society of Thoracic Surgery (STS)).


-  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  -  Курс туралы

Құрметті достар!

Осыдан бірнеше жыл бұрын профессор Юрий Владимирович Пя мен дәрігер Т.Лесбеков коронарлық хирургиядағы жаңа бағыттарды үйрену үшін Бельгиядағы Левен қаласына профессор Сержантқа барған болатын. Екі жыл бұрын аталмыш профессор сол секілді курстарды өткізу үшін Астанаға шақырылды. Сол мезеттен бастап профессор Сержант Астана қаласында өзге ғалымдармен бірігіп өткізілген осындай екі семинарға қатысып үлгерді. Маусымның 22-23 жұлдыздарында өткізілген оталарға қатысқан профессор Сержант толық артериялық қайта құру, жоқ-сенсорлық қолқа және OPCAB режимінде ота жасаудың өзі бақылаған мысалдары әлемнің ең үздік орталықтарының 1% ғана өткізілетіндігін мәлімдеді.

Сондықтан біз аталмыш бағытта өткізілетін даярлық курстардың келесі сатысына көшетіндігімізді үлкен қуанышпен хабар етеміз. Олардың алғашқысы ұялы шифрланған оқыту арқылы орындалатын болады. Бірқатар орта білім беру ұйымдарының (колледждердің) қатысуымен орыдалатын (ақысыз) жекеленген онлайн курсы мамандардың ОРСАВ бойынша ота жасау бағытындағы білімін тереңдетуге айтарлықтай ықпал ететіндігі сөзсіз.

Аталмыш курс коронарлық ота жасауды экстракорпоралды айналымсыз, қауіпсіз түрде жүзеге асырудың барлық егжей-тегжейлі аспектілерін жан-жақты қарастырады. Аталмыш емдеу тәсілі науқас емханаға келіп, коронарлық ангиограммадан өту сәтінде басталып, тұлғаның өз науқасынан толық айығып, ауруханадан шығу сәтінде ғана аяқталады.

Аталмыш курсты (CABG OPCAB) смартфон құрылғысына андроидтан немесе APPLE дүкендерінен, болмаса компьютеріңіздің жұмыс үстеліне жүктеп алуға болады. Сізге жұмыс істеуге қауіпсіз әрі ыңғайлы болу үшін өз қолданыс атауыңыз бен кілт сөзді құрастыру қажет. Егер ағылшын тілін жетік деңгейде меңгермеген болсаңыз, құрылымдар бөліміне барып (сол жақтағы 3 батырма) қолданыс тілін орыс тіліне ауыстыруыңызға болады.


Paul Sergeant, Prof., MD

          


Тiзiмге қайтару