• Каз
  • Рус
  • Eng

Серікбай Төремұратұлының алғысы

Ғажайып мекеме, бетке ұстар

Ел тұрғыны түгіл, шет елді таң қалдырған,

Жүрекке дем беріп айықтарған,

Мұқтаж жанның үмітін ақтаған

Алғыс шексіз емге зәру жаннан

Кардио центрді Юрий Пя басқарған.

Ілтипат, иманы, жүректерінде ұялаған

Ұлық болса да, кішіпейілдікті танытқан

Ұйымшалдықтың ұйытқысы бола білген

Жиырма төрт сағат дамыл таппай

Қалт жібермей, бәрін сараптаған

Әр саланың маманын басын қосқан.

Бірінші Жаратқан Ием

Екінші ақ-халатты абзал жандар

Араша түсіп, алып қалған

Төніп келген пендеге ажалдан

Нар тұлғаның арманы іске асқан

Сары арқаның төрінде

Астанадай қала соққан

Сыншыл болма, деме күрделі дәуірде

Азаматтық таныт, кідірме!

Көбейсін жобалар іске асқан

Ел басқарған азаматтардың абыройын асқақтатқан

Дүбірлі додада, өмір деген Отанымыз көрінсін шың биіктен!

Тiзiмге қайтару